14 тамыз күні ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Альназарованың қатысуымен Министрліктің алқалы отырысы өтті. Отырыста туберкулезге қарсы қызметтің 2026 жылдың I жартыжылдығындағы жұмысының қорытындылары, негізгі көрсеткіштер мен өзекті мәселелер талқыланды.
Жетісу облысынан отырысқа Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығының директоры Заханова А. Ж. қатысты.
Туберкулез бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар мәселелері бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес, Жетісу облысы «жасыл аймақта» орналасқан. Бұл облыста туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы жұмыстардың жүйелі әрі тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Орталықта басшылық пен жауапты мамандардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізіліп, алқалы отырыстың негізгі қорытындылары мен қойылған міндеттер талқыланды. Анықталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды күшейтуге басымдық берілді.