Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Қимылыңыз әлі күнге шымыр-ақ!
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,
Күндеріңіз нұрға толсын жарқырап! 🫁✨
Бүгін Пульмонология бөлімінің ұжымы ардақты да қадірлі әріптесіміз Гульнара Асқаровнаны құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.
Қаншама жанға шипа сыйлаған адал еңбегіңіз, ақжарқын мінезіңіз үшін алғысымыз шексіз! Сізге берік денсаулық, отбасыңызға береке мен ұзақ ғұмыр тілейміз. Еңбегіңіздің зейнетін тек қуанышта өткізіңіз! 🤍
#Пульмонология #ЗейнетКеші #Құрмет #ҰжымАтынанТілек