2024 жыл 31 қаңтарда Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығында, Жетісу облысының «Денсаулық сақтау басқармасы» басшысының орынбасары Г. Р. Жүнісованың төрағалығымен Жетісу облысының аудандары мен қалаларының фтизиатрлары мен фтизиопедиатрларының, МСАК– тің туберкулезге жауапты тұлғаларының қатысуымен, туберкулезге қарсы іс-шаралар бағдарламасының орындалуы бойынша 2023 жылғы қорытынды медициналық кеңесі өткізілді.
Кіріспе сөз «Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығы» директоры А.Ж.Заханова 2023 жылғы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша ақпаратқа тоқталып өтті.
Жалпы медициналық кеңесте:
туберкулез инфекциясының өлім-жітіммен тіркелген жағдайларына талдау жүргізілді;
«Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» және «дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде» ақпараттық жүйелерде туберкулезге қарсы препараттарды (ТҚП) енгізу бойынша проблемалық мәселелері және оны шешу жолдары айтылды.


