
8.12.2025 ШЖҚ «Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығы» МКК директоры А. Заханованың төрағалық етуімен 2025 жылдың 08 желтоқсанда Кәсіпорын қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері бойынша комплаенс -офицер Б.Ахметжанова жиын өткізді. Б.Ахметжанова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын жеткізіп, жылдық жұмыстың нәтижесі туралы сөз етіп, заңға бағынған құл болмайды деген түйіндемемен аяқтады.