Қазақстан Республикасында туберкулезді және пульмонологиялық қызметті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру және «Туберкулезді тоқтату» серіктестігін дамыту мақсатында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грантының қызметі шеңберінде Талдықорған қаласында бүгін 2025 жылдың 04 маусымында «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігін дамыту және Жетісу өңірінде туберкулез ауыртпалығын төмендетуге үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартуды күшейту бойынша шешім қабылдаушылармен Адвокациялық кеңес өтті.
Бұл жиынға: облыс әкімінің орынбасары, облыстық әкімдіктің өкілдері, облыстық Мәслихаттың депутаттары, денсаулық сақтау басқармасы, Жетісу облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменттері, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық даму, білім басқармалары, АИТВ-ның алдын алу, психикалық денсаулық орталықтары және Үкіметтік Емес Ұйымдар қатысты.






