


2025 жылдың 12 мамырында ШЖҚ «Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығы» МКК-ның директоры А.Заханованың төрағалығымен комплаенс – офицер Б.Ахметжанованың, бас есепші М.Муратбекованың және әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыста комплаенс офицер Б.Ахметжанова «Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті» РМК-ның ұсынуы туралы сөз қозғап, онда медициналық ұйымдардың бірінің есепшісінің аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлауда көрсетілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны туралы жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша директор А.Заханова қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауды ескертіп, бас есепші М.Муратбековаға қаражатқа байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары бойынша нақты тапсырмалар берді.